KMF ProBusiness
Ең батыл идеяларыңызды жүзеге асырыңыз
Жетістікке жеткен қазақстандық кәсіпкерлерден тәлім алып, оқудың көмегімен өз бизнесіңді масштабта
KMF ProBusiness туралы
Акселерациялық бағдарлама Қазақстанда микро-кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Human Capital компаниясымен KMF және "KMF-Демеу" корпоративтік қорымен бірлесіп екінші жыл бойы өткізіліп келеді.
Алматы мен Алматы облысының микро-кәсіпкерлері практикалық кейстер мысалында оқыту арқылы өздерінің кәсіпкерлік дағдыларын шыңдай алады. Бағдарлама барысында өз саласында жетістікке жеткен қазақстандық кәсіпкерлер – менторлар кәсіпкерлерге жетекшілік етеді, сату көлемін ұлғайтуға және жалпы бизнесті дамытуға көмектеседі.
Бағдарлама соңында қатысушылар KMF ProBusiness DemoDay фестивалінде қаржы ұйымдарының, қорлардың және жеке инвесторлардың назарына өздерінің бизнес-жобаларын ұсына алады.
50 қатысушы
Сатуды ұлғайтуға және өз бизнесін масштабтауға ниетті Алматы қаласының және Алматы облысының шағын/микро бизнес иелері.
10 ментор
Жеке және кәсіби тәжірибелерін бөлісуге дайын шағын және орта бизнесте жетістікке жеткен қазақстандық кәсіпкерлер.
10 апта
Кәсіпкерлік дағдыларды игеру үшін практикалық жағдайларды талдау және нақты бизнес орындарына бару, сондай-ақ кәсіпкерлер тарапынан тәлімгерлік қолдау арқылы тиімді оқыту.
Қатысушылар үшін тіркелу
Егер сіз Алматы қаласы мен Алматы облысында тұратын жұмыс істеп тұрған микро және шағын бизнестегі кәсіпкер болсаңыз,
өзіңіздің бизнесіңіздің айналымын арттырғыңыз келсе және осы мақсатқа уақыт бөлуге дайын болсаңыз,
KMF ProBusiness бағдарламасына қатысуға өз өтініміңізді беруге асығыңыз.
Сіз орыс немесе қазақ тілдерінде жоғары дәрежелі оқудан өту, ментордың жетекшілігімен тәжірибе жинақтау және кәсіпкерлер қауымдастығына қосылу мүмкіндігіне ие боласыз!

Өтінім беру мерзімі: 2023 жылғы 23 маусым.

Қатысу шарттары

Бағдарламаға қатысу KMF клиенттері мен Алматы қаласының басқа да кәсіпкерлері үшін тегін.

Өтінімдер келесі критерийлерге сәйкес қабылданады.

1

Қатысушы-кәсіпкердің профилі

  • Қазіргі кезде бизнесіңіз жұмыс істеп тұр және кәсібіңізді дамытып, кеңейтуді қалайсыз.
  • Сіз ресурстарды (уақытыңызды, ақшаны, назарыңызды) сату арналарын дамытуға және командаңыздың өсуіне инвестициялауға дайынсыз.
  • Сіз бағдарламаға қатысуға және барлық сабақтар мен менторлық кездесулерге 2023 жылдың маусым-тамыз айларында апта сайынғы негізде қатысуға дайынсыз.
2

Бизнес саласы

Сауда, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету, білім беру, цифрлық және диджитал қызметтер, телекоммуникация және АТ, тамақ және өңдеу өнеркәсібі және т.б. салалардағы өтінімдер қабылданады.

Алкоголь, темекі немесе есірткі құралдарын, құмар ойындар саласындағы қызметтерді не тәуелділікті тудыратын тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерін өндіруді қоспағанда.

3

Бизнестің даму дәрежесі

Сіздің бизнесіңіз өтінім берген сәтте келесі кезеңде болуы керек:

  • заңды түрде тіркелген (ЖШС немесе ЖК) жұмыс істеп тұрған бизнес, кемінде 2 жыл операциялық қызмет;
  • бизнестің өсу әлеуеті бар және сатуды/айналымды дамыту арқылы жаңа деңгейге шығу үшін серпін қажет.
4
Басқа шарттар

Қатысушылардың жасы мен жынысы бойынша шектеулер жоқ.

Бағдарлама қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

5
География

Алматы қ. және Алматы облысы

(Талғар, Есік, Қаскелең, Қонаев, Шамалған)

6
Өтінімдерді қабылдау мерзімі
2023 жылдың 23 маусымына дейін

Бағдарламаның кезеңдері

1
Мамыр 2023

Менторларды іріктеу

Ментилерді іріктеу

2
Маусым 2023
Менторларды менторлық
дағдыларға үйрету
3

Маусым 2023

Қатысушыларды кәсіпкерлік

дағдыларға үйрету

Менторлық жұптарды қалыптастыру

4
Шілде-Тамыз 2023
Менторлық бағдарлама және
жұптық жұмыс
Тұрақты кездесулер және кері байланыс
5

Қыркүйек 2023

Қатысушылардың даму

жоспарларын ресімдеу

KMF ProBusiness DemoDay фестивалі

Ментор болғыңыз келе ме?
Егер Сіз шағын немесе орта бизнестегі кәсіпкер болсаңыз және бизнес құру бойынша жеке және кәсіби тәжірибеңізді микро кәсіпкерлермен бөлісуге дайын болсаңыз, өтініміңізді осында қалдырыңыз, сонда бағдарлама үйлестірушілері Сізге хабарласады.

Неліктен KMF ProBusiness

бағдарламасына қатысу керек?

  • Практикалық лайфхактар
    Қалыптасқан кәсіпкерлер сізге өз білгендерін үйретіп, шынайы жеке тәжірибесін бөліседі.
  • Кәсібіңізді дамытуға қолдау көрсетеді
    Жаңа сату арналарын, команда құру және әрекеттегі бизнесті масштабтау бойынша кеңес аласыз
  • Шабыт
    Алдағы шешімдеріңіз бен әрекеттеріңізге қолдау мен шабыт аласыз
  • Networking
    Жеке байланыс орнатуға және кәсіпкерлер қауымдастығының бір бөлігі болуға мүмкіндік аласыз
Менторлық (менторинг) – бұл бір нәрседе тәжірибесі көптеу адамның (ментор) тәжірибесі аздау адаммен (менти) өзара әрекеттесу процесі, онда біріншісі екіншісіне өзінің тәжірибесін, білімін, дағдыларын, іскерліктерін өз шеберлігі шеңберінде береді.

Бағдарлама туралы видео

Бағдарлама және алдыңғы лектің нәтижелері туралы толығырақ біліңіз.
Бағдарламаның ұйымдастырушылары
Made on
Tilda